Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өрт сөндірілді

Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өрт сөндірілді
Көлік министрлігі
ТЖМ құтқарушылары Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өртті оқшаулады және сөндірді,деп хабарлайды arainfo.kz

ТЖМ мәліметінше ,Павлодар облысының аумағындағы дала өртін сөндірді. Жағдайдың тұрақталуына байланысты Баянауыл ауданы Желтау ауылының  эвакуацияланған 18 тұрғыны үйлеріне оралды.

Қарағанды облысының аумағындағы өрт оқшауланды, өрттің ауданы  анықталуда.Қатты екпінді жел, рельефті таулы және батпақты жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты.Қазіргі уақытта Қарағанды  облысының аумағындағы өрт ошақтары сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізу жұмыстары жалғастырылуда.Қарағанды облысының Айыр және Атантай елді мекендері ауданындағы өртті сөндіруге 2 жауынгерлік учаске анықталды.

ҚР ТЖМ Командалық орталығы мен облыстардың ТЖД жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстарына 557 адам мен 88 бірлік техника, 6 ұшқышсыз ұшу аппараты, ҚР ТЖМ және ІІМ ҰҰ 4 әуе кемесі жұмылдырылуда.Өртті сөндіруге Қарағанды, Ақмола, Абай облыстарының, Астана қаласының құтқару топтары,  ТЖМ 52859, 68303 әскери бөлімдерінің және жергілікті атқарушы органдар қатысуда.

Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 87 рет 102-ден астам тонна көлемінде су төкті. Сонымен қатар аэровизуалды барлау жүргізілді. Ұшу нәтижелері бойынша жағдай тұрақты.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар