"Үш күннен кейін хабарласамын": Баян Мақсатқызы Ирина Кайратовна тобына ескерту жасады
- author AR-AY
- 8 қазан, 2024
- 80
Медиа менеджер аталған топ келіспеген соң Snoop Dogg-қа хабарласқан.
“Ирина Кайратовнаға бізбен фит айтуға өтініш айтып тұрған сәт. Олар бір рет бас тартты. Бірақ мен үмітімді үзбеймін. Талантты адамдармен жұмыс істеу оңай болмаған, ал олармен келісімге келу одан да қиын... Ирина Кайратовна, ұялсаңдаршы! Snoop Dogg бір жыл ойланды, сосын оған қатты ұнап қалды. Барлық қыздардан құралған топ та ақырына дейін күтті. Біз төзімдіміз, қырсықпыз, сұлумыз, таланттымыз және үнемі бір толқындамыз! Үш күннен кейін хабарласамын", – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі топтың бағыты бөлек екенін жарыса жазып жатыр.
“Тұрар, Мирастармен айтса болады, Ирина Кайратовнаның бағыты бөлек”, “Ирина Кайратовна, осыдан фит айтсаңдар, сендерді тыңдамаймын", "Снупқа бәрібір ғой, ақшасы төленсе болды”, “ИК жігіттері тіпті гонорарға қарамайды, принцип ұстанады", “Snoop Dogg Maxi шайдың жарнамасына түсті”, – дейді көпшілік.