Интернет алаяқтар Telegram арқылы қазақстандықтардың жеке дерегін 5000 теңгеден сатқан
- author AR-AY
- 8 қазан, 2024
- 73
– Ақпараттық технологиялар мен онлайн-қызметтердің дамуымен интернетте ақпарат қолжетімді. Бұл интернеттегі алаяқтыққа әкелуде. Соңғы жылдары бұл жиі жасалатын қылмысқа айналды, – деді криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Мысалы, Қостанай тұрғыны DarkNet пен Telegram арқылы интернет-алаяқтық жасаған. Қаскөй 1,5 млн теңгеден астам табыс тапқаны анықталды.
Ер адам “кардингпен”, яғни банк карталарының деректемелерін ұрлап және оларды қайта сатумен, сондай-ақ ақшаға компьютерлік вирустарды таратуды үйретумен айналысқан.Қазір фигурант ұсталып, сотталды.
– Шымкенттік алаяқ Instagram парақшаның дубликатын жасап, балалардың еміне ақша жинау арқылы адамдарды алдаған. Осылайша ол 32 млн теңге жинаған. Алаяқ ұсталды. Қамауда,-дейді ведомства.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024