Тараз қаласы, "Бәйтерек" шағынауданы, 3-лицей ғимаратында орналасқан 498 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген тұрғандар арасында жас отбасылар да бар,деп хабарлайды arainfo.kz
Отағасы Арман Көпбосынов "Қазфосфат" ЖШС-де жұмысшы болса, отанасы Бақыткүл Шарипова мұғалім. Бақыткүл Шарипова:
"Бүгін еліміздің барша тұрғындары таңдау жасайтын маңызды күн. Біз жұбайым Арман екеуміз дауыс беруге келдік. 4 жасар Айым, 2 жасар Айшаны да ала келдік. Олар да болашақта өз елінің патриоттары болсын. Еліміз қуатты ,мемлекетіміз мәртебелі болсын", -деді.
Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес,бүгінгі күнге референдумға дайындық кезеңінде және өкізу барысында өңірлік комиссияларға, құқық қорғау органдарына арыз-шағымдар түскен жоқ.
Келесі мақала