Тараз қаласы, Әуежай аймағының Талғат Бигелдинов көшесінде 47 жыл ғұмырын әуеде өткізген танымал ұшқыш Орынбек Жорабеков өз таңдауын жасады,деп хабарлайды arainfo.kz
Бүгін Орынбек Жорабеков " Бәйтерек" шағын ауданында орналасқан 498 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Әуе саласының үздігі Орынбек Жорабеков: "Мен өмірімнің көпшілік бөлігін әуеде өткіздім . Сондықтан, маған жердің үстіндегі жақсы күндердің бәрі қымбат. Еліміздің жаңа қадамына қуанып , дауысымды бердім. Еліміз өркендей берсін. Халқымыз тыныш, бақытты, мемлекетіміз қуатты болсын" - деді.
73 жастағы ұшқыштың алыс аймақтан келіп дауыс беруі басқа тұрғындарға үлгі деп айтуға болады.
Келесі мақала