Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы өз таңдауын жасады

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы өз таңдауын жасады
aulieata_media
Тәуелсіз еліміздің тарихында бүгін елеулі оқиғаға орын алған күн. Өйткені бүгін, яғни 6 қазанда қазақстандықтар бүкілхалықтық референдум арқылы елімізде АЭС салу мәселесі өз шешімін табады,деп хабарлайды arainfo.kz

Тараз қаласы Қаратай Тұрысов атындағы № 53 мектеп-гимназияда орналасқан № 50 сайлау учаскесінде бірнеше қоғамдық ұйым тарапынан байқаушылар қатысып отыр. Біз өз таңдауын жасап, дауыс беруге келген тұрғындарды сөзге тартып көрген едік. Олардың арасында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев та бар. Ол бұл референдум келер ұрпақтың тағдырына оң әсер ететінін сөз етті. 

– Мен «Астана» шағынауданында тұрамын. Сондықтан № 50 сайлау учаскесіне сағат күндізгі 07.30-да келіп, өз таңдауымды жасадым. Халықтың көңіл күйі көтеріңкі.Облыста электораттардың 19-20 пайызы зейнеткерлер. Азаматтардың дауыс беруде белсенділік танытып жатқаны мені қуантты. Себебі жұртшылықтың бүгінгі жасаған таңдауы қазақ елінің болашағының баянды болуына жол ашатын ең маңызды қадам деп білемін, – дейді Еркінбек Бейсенбекұлы.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар