«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов өз таңдауын жасады.
Дауыл Ынтықбайұлы жерлестерін саяси науқанға аса үлкен жауапкершілікпен қарап, белсенділік танытуға шақырды.
– Бүгін еліміз үшін шын мәніндегі тарихи күн. Халқымыз бетбұрысты шешім қабылдамақ. Мен де азаматтық парызымды орындап, еліміздің болашағы үшін дауысымды бердім! Бұл – билік үшін емес, халық үшін керек. Бүгінгі референдумның маңызын әр қазақстандық тереңінен түсініп, жауапкершілік танытып, өз таңдауын жасайды деп ойлаймын.
Сондықтан барлық тұрғындарды бүгінгі референдумға белсенді қатысуға шақырамын. Еліміздің болашақ энергетикалық секторын қалыптастыруда әрбір азаматтың пікірі мен дауысы маңызды. Себебі, біз осы арқылы болашаққа үлкен қадам жасап жатырмыз деп ойлаймын. Бүгін қандай таңдау жасасақ, еліміздің энергетика саласындағы тағдыры әрі қарай солай қалыптасатын болады, - деді партия Төрағасы өз сөзінде.