Референдум қарсаңында жастар да белсенділік танытуда. Солардың қатарында Жамбыл жоғары медицина колледжінің студенті Нұрасыл Тұрлыбай да бар,деп хабарлайды arainfo.kz
Жас сайлаушы №68-ші дауыс беру учаскесіне келіп алғаш рет маңызды шешім қабылдауда өз үлесін қосқанына өте қуанышты екенін жеткізді.
«Болашақ жастар мен жаңа технологияларда. Сондықтан өз болашағым үшін таңдау жасадым. Менің дауысым кемел келешегімнің кепілі екендігіне сенімдімін»,- дейді колледж студенті Нұрасыл Тұрлыбай.
Аталған рефендум учаскесінде дәл қазіргі сәтте дауыс беру процесі талапқа сай жүзеге асырылуда.
Еске сала кетейік, облыста дауыс берудің заң талаптарына сай өтуін қадағалау мақсатында 3616 комиссия мүшелері жұмыс жасауда.
Келесі мақала
Болашаққа бағдар-басты міндет
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
- авторAR-AY
- 28 қараша, 2024