Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Құмар ойын құрдымға кетіреді

Құмар ойын құрдымға кетіреді
Ашық дереккөз
Сананы тұрмыс билеген қазіргі уақытта оңай олжаға кенелемін деп опық жеп жатқан азаматтар қаншама. Әсіресе құмар ойынның қызығына батамын деп құрдымға кеткендер көп. Көп адамды қарызға батырып, отбасылы жандарды ажырасу деңгейіне әкеліп, психологиялық ауруларға ұшыратып жатқан құмар ойынның құрығы табылмай тұр.

Алайда ойын құмар азаматтардың қатары н сейілтіп, маңайымыздағы бауырларымызға бас-көз болу – басты міндетіміз. Осы орайда Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылдық мәдениет үйінде аудандық жастар р е с ур с т ы қ о рта л ы ғ ы н ы ң ұйымдастыруымен «Интернет ойындар және лудомания – ғасыр індеті» тақырыбында мектеп оқушылары мен ауыл жастарына тәрбие сағаты өткізілді. Мұндағы мақсат – лудомония ұғымына түсінік беру, құмар ойындардың зиянды жақтарын, қоғамға кері әсерін әңгімелей отырып, жастарды теріс қылыққа әуестенбеуге шақыру. І с - шарада Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов, Сарысу аудандық мәслихатының депутаты Бауыржан Балғабай, Тараз қалалық «Әзірет-Әли» мешітінің бас имамы Есет Таласбаев және Жамбыл аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Жандар Тоқсаба сөз сөйлеп, жастарға ақыл-кеңесін айтты.

Абзал Есіркеповтың айтуынша, лудомания – уақыт пен денсаулықтан ада қылатын ауыр дерт. – Бүгінгі уақыт өзімізбен өзіміз күресетін заман болып тұр. Қоғамды түзеу үшін әр адам өзінен бастауы тиіс. Бүгінгі жастардың әлеуметтік желі арқылы әртүрлі арсыздық пен адамдықтан жұрдай қылатын құмар ойынға әуестенгені жаныңа батады . Облыс бойынша ажырасу деңгейінде жүрген отбасылардан сауал алғанымызда жетпіс пайыз азаматтар ойынқұмар болып келеді.

Таңның атысы, кештің батысы бала тәрбиесіне назар аудармай, әйел көңіліне қарамай тапқан-таянғанын қ ұ р д ы м ғ а к е т у ж о л ы н а салуда. Сондай-ақ зерттеулер нәтижесінде құмар ойынмен айналысып жүрген 13 жасар баланы да анықтадық. Бұл дегеніміз бала тәрбиесіндегі ата-ананың немқұрайдылығы, мектеп оқытушыларының білімге деген құштарлығын оята алмаудың нәтижесі, – деді Абзал Есенұлы. Ал Бауыржан Берікұлының айтуынша, еліміздегі 3,5 миллион оқушының 700 мыңға жуығы құмар ойынның құрығына ілінген. – Біз осы бағытта күрес жүргізіп жатырмыз.

Түрлі к есірге ұшырататын бұл дерттің жетегінде жүрген азаматтарды толық азайту қолдан келмесе де қатарын сейілту – үлкен жеңіс. Дәуірі дендеген құмар ойынның соңы жақсылыққа алып бармайтыны барлығына мәлім. Телефонға телмірген баланың тәртіп пен тәрбиеден, ілім мен білімнен жұрдай болатыны анық, – деді Бауыржан Берікұлы. «Әзірет-Әли» мешітінің бас имамы Есет Тұрдыбайұлының айтуынша, құмар ойынға Құран аяттарында да тыйым салынған. Тәрбие сағаты барысында жастар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауапқа қанықты.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар