Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Жамбыл-Жылу» жылу таратуға дайын

«Жамбыл-Жылу» жылу таратуға дайын
Ашық дереккөз
Әне-міне дегенше қыр астынан қылышын сүйретіп қыс та келеді.Сақылдаған сары аязда тұрғындардың бүрсең қақпауы үшін тұрғын үйлермен қатар, әлеуметтік нысандардың да жылу жүйесімен толықтай қамтамасыз етілуіне баса мән берілуі маңызды.

Жақында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша д е п а рта м е н т і ж ауа п т ы н ау қ а н ғ а дайындық жұмыстарын зерделеу м а қ с а т ы н д а « Ж а м б ы л - Ж ы л у » мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының н ы с а н д а р ы н д а ба с п а с ө з т у р ы н ұйымдастырды. Іс-шараға департамент басшысының орынбасары Қалдыбай Мүслім, облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының өкілдері қатысты. «Ж амбыл-Жылу » мемлек еттік коммуналдық кәсіпорны басшысының орынбасары Бөріхан Ниязқұловтың айтуынша, мекеменің негізгі мақсаты – жылу қуатын ыстық су және бу түрінде өндіру, тасымалдау және тарату.

Сондай-ақ коммуналдық қазандықтарды жылу тарататын құбырларды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу және пайдалану да кәсіпорынның міндеттерінің бірі. Кәсіпорын теңгерімінде барлығы 73 қазандық болса, 43-і Тараз қаласында, қалғаны аудандарда орналасқан.Тараз қаласында 43, Жамбыл ауданында 21, Байзақ ауданында 6 қазандық табиғи газ арқылы, ал Т.Рысқұлов ауданында 3 қазандық табиғи отынмен жұмыс істейді. М е к е м е қ а р а ш ы ғ ы н д а 4 5 , 3 6 6 шақырым жылу жүйелері бар. Тарқатып айтсақ, магистральдік құбыр желілері – 6,471, ішкікварталдық құбыр желілері – 3 8 , 8 9 5 ш а қ ы р ы м . К ә с і п о р ы н н ы ң қазандықтарынан 174 көпқабатты тұрғын үйде тұратын 5 ықшамауданның тұрғындары, барлығы 8 025 абонент жылу энергиясын тұтынады.

Атап айтқанда, мекеме «Қарасу», «Қаратау» ықшамаудандары, «Қарасу» тұрғын алқабы, Асқаров көшесі бойындағы тұрғын алқап, «Қант» зауыты тұрғын алқабының тұрғындарын жылумен қамтамасыз етеді. Оның ішінде 16 көпқабатты тұрғын үйге кәсіпорын келісімшарт негізінде техникалық қызмет көрсетеді. Сол сияқты аурухана, мектеп, балабақша сынды 115 бюджеттік мекеме мен нысанды жылумен қамтамасыз ету аталған кәсіпорынның жауапкершілігінде. Нақтылап өтсек, 24 денсаулық сақтау нысаны, 68 білім беру ошағы, Тараз қаласындағы 5 әлеуметтік қорғау нысаны мен 18 бюджеттік мекеме «Жамбыл-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгерімінде.

Бөріхан Ниязқұловтың сөзіне сүйенсек, кәсіпорынның 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламасына 141,565 миллион теңге бөлінген. Инвестициялық бағдарлама аясында Тараз қаласындағы №20 орта мектептің, қалалық көпсалалы аурухананың (күйік бөлімі), Жамбыл ауданы әкімдігі ғимаратының, Байзақ ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның қазандықтарына тиесілі жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Жөндеу жұмыстарына қаржы кәсіпорынның өз қаражаты, яғни тарифтер мен амортизациялық аударымдар есебінен жұмсалған.

Баспасөз туры барысында облыстық психикалық денсаулық орталығына барып, күрделі жөндеу жұмыстары аяқталу сатысында тұрған қазандықтың жайкүйімен таныстық. Қазірге дейін ұзындығы 450 метр жылу желісі күрделі жөндеуден өткен екен. Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясында жобаны жүзеге асыруға 135 миллион теңге жұмсалған. Психикалық денсаулық орталығында құбырларды ауыстырудан бөлек, 10 тамыздан бері қазандықты күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары да қызу жүріп жатқанын айта кеткен жөн. Осы мақсатта екі жаңа бу турбинасы орнатылып, төрт құбырлы жылу және су құбыры ауыстырылған. Диаметрі 150 және 89 миллиметр болатын құбырлардың жылыту қабілеті төмен.

– Ескі құбырдың қызмет ету мерзімі 20 жыл бұрын аяқталған болатын. Жыл сайын жылу беру маусымы алдында магистральдік желідегі дайындық жұмыстары кезінде барлық сынақтар жүргізіледі.Жылу желілерінің тозуына байланысты биыл облыстық психикалық денсаулық орталығының құбырларын толық ауыстыруды бастап кеттік. «Жамбыл-Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының сенімгерлік басқаруы қаражаты есебінде 40 миллион теңгеге «Буран Бойлер» ЖШС-ның қазандығын орнаттық. Одан бөлек 5 миллион теңгеге фильтр, түтін мұржасы секілді қажетті жабдықтар сатып алып, ауыстырып жатырмыз, – дейді Бөріхан Ниязқұлов. Бөріхан Әменұлының айтуынша, денсаулық нысанының қазандығы «Арай-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сенімгерлік басқаруында екен.

Сенімгерлік басқару қаражаты есебінен қойылған су жаңа ірі ыстық су қазандығының қуаты – 2,5 мегаватт. Айта кетерлігі, аталған қазандық туберкулезге қарсы және терівенерологиялық диспансерлерді де жылумен, ыстық сумен қамтамасыз етеді. Тексеруден өткен жаңа қазандықтың арқасында инженерлік желілердің сапасы артып, алдағы жылыту маусымы кедергісіз өтеді деп күтілуде. Бүгінгі күнге «Жамбыл-Жылу» кәсіпорны биылға жоспарланған инвестициялық бағдарламаның 95 пайызын орындап, 135 миллион теңге көлеміндегі қаражатты игерген.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар