1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтап қайтты,деп хабарлайды arainfo.kz
Олардың бірі - ішкі істер органдарында 18 жасынан бастап, 32 жыл қызмет еткен Қайрат Масатбаев.
Департамент басшысы Жаныбек Қосжанов ардақты ардагерімізді құттықтау барысында өмірінің басым бөлігін құқық қорғау органдарына сіңірген ерен еңбегі үшін алғыс айтты. Еңбек жолын қатардағы қызметкерден бастап, басшылық лауазымдарға дейін атқарған запастағы әділет полковнигі Қайрат Масатбаевқа жас мамандарға үлгі болғанын айтып, көптеген қызметкерлерге құнды тәлім-тәрбие бергеніне тоқталды.
"Қарты бар елдің - қазынасы бар", - деп дана халқымыз айтқандай, ардагерге мықты денсаулық, отбасына бақ-береке, жақындарына амандық тілеген жүрекжарды лебізін білдірді.
Келесі мақала