1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Айтулы мерекеге орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері тараздық қарияға құрмет көрсетті.
Бұл күні құқық қорғау органдарының өкілдері Әлмахан атаның үйінің ауласын тазалап, отын жару сынды өзге жұмыстарын атқарып берді. Өз кезегінде 70 жастағы ақсақал үй шаруашылығына жәрдемдескен жомарт жүрек жастарға батасын беріп, шынайы ризашылығын білдірді.
Қарттарды құрметтеп, олардың алдындағы перзенттік парызын орындау – баршаның міндеті. Қариясы бар үйдің қазынасы бар деген нақыл бар дана халқымызда. Біз, ҚАЖ қызметкерлері қарттарға көңіл бөлудің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Осы себепті, ардагерлеріміздің өздерін жалғыз сезінбеулері және қолдаусыз қалмайтындары үшін оларды құттықтай келдік, – делінген ақпаратта.
Келесі мақала