Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанның болашағы-атом энергетикасы

Қазақстанның болашағы-атом энергетикасы
Ашық дереккөз
6 қазанда Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтетіні туралы Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаны белгілі.

 Президент атом электр стансасын салу елдегі электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешетінін баса айтқан болатын. 
Қазақстанның болашағы - атом энергетикасы. Климаттың өзгеруі және энергияға деген қажеттіліктің артуы жағдайында елге сенімді және таза шешім қажет. Атом электр стансалары көмірқышқыл газын шығармай энергия өндіреді, бұл оларды экологиялық таза және қоршаған ортаға қауіпсіз етеді. Бұл шешім Қазақстанға өзінің энергияға деген қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, өзінің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді.
АЭС салудың тағы бір дәлелі-экологиялық фактор. Бүгінгі таңда бұл біздің еліміз үшін өте маңызды, өйткені көмір мен табиғи газбен жұмыс істейтін электр станциялары атмосфераға көмірқышқыл газын шығарады. Бұл парниктік әсері күшейіп, жер атмосферасының қызуына, климаттық өзгерістерге әкеледі. Біз қазірдің өзінде бұл әсерлерді сезінудеміз: ауа райының өзгеруі, әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуі және басқа да құбылыстар орын алуда. Атом электр стансаларында көмірқышқыл газ шығарындылары өте аз. АЭС өндірген энергия көлемімен салыстырғанда, атмосфераға басқа энергия көздерінен бөлінетін парниктік газдар аз болып табылады.
АЭС сыртқы факторларға қарамастан тұрақты жұмыс істейді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тұрмыстық сектор үшін электр энергиясын қамтамасыз етеді. Атом энергетикасының арқасында Қазақстан барлық адамдар үшін қауіпсіз және орнықты болашақ құра отырып, алға жылжи алады деген ойдамын.

Мырзағали МӘДІМАРОВ, 
аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты.

 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар