Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Ана тілім - айбыным»

«Ана тілім - айбыным»
Ашық дереккөз
Тіл халықтың жандүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші.

Сондықтан мемлекеттік тілді білу  өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деп қабылдаған жөн. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіп келеміз. 

Тіл білу қажеттілігі жай сөз емес, өмірдің талайсынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістейтүскен толыққанды ақиқат. Тілсіз халықтың, елдіңөмір сүруі мүмкін емес. Өйткені, ана тілінің өмірсүру кеңістігін тілді сақтау, ал тілді сақтау ел тұтастығын сақтау. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанғадеген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңдібілуден басталады.

«Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан-дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі...»- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі болуы керек. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі.

Сондықтан да, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі болуы керек. Ана тіліміздің өркендеуі – еліміздің өркендеуі екенін естен шығармайық.

 

Г.М.Тажиева,Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар