Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Талас тынысына» – 90 жыл

«Талас тынысына» – 90 жыл
Ашық дереккөз
Биыл Талас аудандық «Талас тынысы» газетінің жарық көре бастағанына – 90 жыл. Ауданның айнасы саналатын «Талас тынысы» газетінің 90 жылдық кезеңін сараласақ, аймақтың сан жылғы тарихы қатталған тағылымның сабақтастығы елес береді. Бұл басылым талай талант қанат қаққан қасиетті өңірмен біте қайнасып жатқан шежіре.

«Талас тынысы» газеті алғаш 1934 жылы, 1 қазан күні «Екпінді колхозшы» деген атпен және латын графикасы арқылы оқырманға жол тартқан. Басылым аудан аумағында орын алып жатқан оқиғаларды баяндап, өңір тұрғындарының толағай табыстарын, таластықтардың өнімді еңбегін, экономикалық және қоғамдық-саяси жетістіктерін жариялап келеді.

Газет басылып шыққаннан бергі әр жылдары таластықтардың берекесін арттырып, қызығы мен қиындығы мол еңбек жолының насихатшысы болды.Біз «Талас тынысы» газеті редакциясының шығармашылық ұжымымен ұзақмерзімді ынтымақтастығымызды мақтан тұтамыз. Бас редактор Дүйсен Молдақұлов бастаған газеттің барша қызметкерлеріне оқырман талғамына сай тақырып ұсынуда шығармашылық табыс тілейміз! 

«AR-AI» газетінің ұжымы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар