Мен облыстық көпбейінді ауруханада 2004 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Медицина маманы болғандықтан айтарым, анафилактикалық шок кезінде қалай алғашқы көмек көрсету керек екенін барлығымыз міндетті түрде білуіміз керек. Бұл өте маңызды! Ең алғаш «анафилактикалық шок» сөзі 1913 жылы француз ғалымы Шарлем Ришенің зерттеуі негізінде пайда болды. Ол өзінің осы еңбегі арқылы Нобель сыйлығына да қол жеткізген. Ауру 5 секундтан 5 сағатқа дейінгі аралықта жалғасуы мүмкін. Анафилактикалық шок – аллергияның ең қауіпті көрінісі. Бұл организмнің аллергенге қарсы жарылыс реакциясы.
Аллерген енгізілген жерде жылдам қатты ауырсыну, қышу, ісіну, қызару пайда болады, олар дененің үлкен бөлігіне таралады. Ары қарай бронхоспазм тұншығуды тудырады. Ауа жұтқанда тыныс алу қиын болады, ауыз қуысы мен көмей тез ісіне бастайды. Жүрек айну, құсу, іштің ауыруы мүмкін. Анафилактикалық шоктың басты белгілері – қан қысымының күрт төмендеуі, әлсіздік, бозару, жиі тыныс алу, есінен тану.
Анафилаксия дереу емді талап етеді. Аллергеннің енгізілген жерінде күрт бозару, әлсіздік, дірілдеген жиі тыныс алу, ауырсыну немесе қышу, қызару және ісіну анафилактикалық шок болғанына күдіктенуге жеткілікті негіздер бола алады және шұғыл медициналық көмекті қажет етеді.
Анафилактикалық шок сияқты жедел жағдайды тек күшті гормоналды препараттар – адреналин, глюкокортикостероидтар, сондай-ақ антигистаминді препараттармен басуға болады. Бірақ бұл дәрі-дәрмектер тек медицина қызметкері арқылы енгізіледі, сондықтан науқасқа мүмкіндігінше тезірек медициналық көмек көрсету өте маңызды.Егер бұрын сізде аллергия болмаған болса, антибиотиктер және анестетиктерді қабылдағанда бейтаныс өнімдерді сақтықпен сынап көрген дұрыс. Тұрмыстық химияны, залалсыздандырғыш заттарды, жәндіктер мен кеміргіштерден құтылу уыттарын, өсімдіктерді себуге қолдану кезінде қорғаныс құралдарын қолдану керек.
Гүлзат БАЙҒОНЫСОВА,
облыстық көпбейінді
диагностика бөлімінің
лаборанты
Ағайлар неге азайып барады?
Ұқсас жаңалықтар
«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 8 мыңға жуық бала дүниеге келді
- авторAR-AY
- 11 қазан, 2024