«Ертөстік» бала бақшасының меңгерушісі Тилешова Зағира әлеуметтік желісінде АЭС құрылысына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды arainfo.kz
"Атом энергетикасы-бұл тек энергия көзі ғана емес, бұл Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігі мен орнықты дамуына жол. Атом электр станциясының құрылысы елге көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді, бұл экологияға оң әсер етеді деген сөз.
Сонымен қатар уран сияқты табиғи ресурстарымызды өз энергиясын өндіру үшін пайдалану мүмкіндігі, бұл импортқа тәуелділікті азайтады және экономиканы нығайтады.
Атом станциясы-бұл ауа-райына қарамастан жұмыс істейтін тұрақты энергия көзі, бұл біздің аймақ үшін өте маңызды. Сонымен қатар, станция құрылысы мыңдаған жұмыс орындарын ашады, технологияның дамуын қолдайды және халықтың өмір сүру сапасын жақсартады",-дейді Тилешова Зағира
Келесі мақала