Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АЭС — бұл сенімді және тұрақты энергия көзі

АЭС — бұл сенімді және тұрақты энергия көзі
Ашық дереккөз
Белсенді жастардың өкілі Исхарова Әлия әлеуметтік желісінде АЭС құрылысына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды arainfo.kz

"Қазақстан үшін атом энергетикасы — бұл жай ғана энергия көздерінің бірі емес, елдің тұрақты дамуын ондаған жылдар бойы қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды бағыт. Атом электр станциялары атмосфераға зиянды заттар шығармай-ақ, өте көп мөлшерде энергия өндіреді. Бұл еліміздің экономикасы мен өнеркәсібін дамыту барысында экологияға және азаматтардың денсаулығына зиян келтірмей, алға жылжуға мүмкіндік береді деген сөз. Сондай-ақ атом энергиясын пайдалану бізге көмірсутектерге тәуелділікті азайтып, көміртек ізін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл климаттың өзгеруімен күресу жағдайында өте маңызды. Одан бөлек, Қазақстан уран қорының мол болуымен ерекшеленеді, ал атом энергетикасын дамыту осы ресурстарды тиімді пайдалануға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жоғары технологиялы салаларды дамытуға жол ашады. АЭС — бұл сенімді және тұрақты энергия көзі, ол еліміздің энергетикалық тәуелсіздік пен экономикалық өркендеуге ұмтылысын қолдайды. Атом энергетикасының арқасында Қазақстан заман ағымына ілесіп, қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне жауап бере алады",-дейді Исхарова Әлия

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар