Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қауіпсіздікті сақтау – басты қағида

Қауіпсіздікті сақтау – басты қағида
Ашық Дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Талғат Байзақов «Көтергіш құрылғыларымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Талғат Тоқсанәділұлы құрылыс алаңдарындағы авариялар және жазатайым оқиғалар санын төмендету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жол картасының басты мақсатын түсіндірді.

– 2022 жылы құрылыс алаңдарында 9 апатты жағдай орын алған болатын. Осыған байланысты жол картасы жүзеге асырылып, оқиғалардың азаюына септігін тигізуде. 

Мәселен, 2023 жылы 4 апатты оқиға, ал 2024 жылдың өткен кезеңінде 1 апатты оқиға тіркелген. Бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерге қарағанда әлдеқайда төмен. Апатты оқиғалардың орын алу себептері көп болғанымен маңызды 4 мәселемен жұмыс істейтін болсақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ететініміз анық. Яғни басшылықтың, жауапты инженерлік-техникалық қызметкерлер тарапынан өнеркәсіптік қауіпсіздік жай-күйін нашар бақылау, жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етпеуі және мұнара крандарын орнату кезінде монтаждау технологиясы өрескел бұзылып, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталмауы, қауіпті техникалық құрылғылардың тозуы түрлі апаттың орын алуына себеп болуда. Сондықтан жүк көтергіш механизм машинистерінің, мамандарының теориялық және практикалық білімдерінің төмендігі сынды күрделі мәселелерді болдырмау және оның алдын алу құрылыс алаңдарындағы қызметкерлер мен басшылық құрамның басты назарында болуы тиіс, – деді Талғат Тоқсанәділұлы.

Сонымен қатар департамент тарапынан көтергіш құрылғыларды, оның ішінде мұнаралы крандарды пайдаланатын ұйым басшыларына бірнеше ұсыныс айтылды. 

– Құрылыс алаңдарында жазатайым оқиғалар мен оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жұмыстарды ұйымдастыру жобаларын әзірлеу қажет. Сонымен қатар ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүк көтергіш крандарының машинистерін, мамандарын және инженерлік-техникалық қызметкерлерін уақытылы оқытуды, білімін тексеруді қамтамасыз ету керек. Одан бөлек жүк көтергіш механизмдердің алмалы-салмалы жүк қармауыш құрылғыларға уақытылы сынақтар өткізу қажет, – деді Талғат Тоқсанәділұлы. 

Спикер Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 16-бабына сәйкес жүк көтергіш механизмдерді пайдалануға берген кезде мемлекеттік инспектордың қабылдау сынақтарын, техникалық куәландыруларды жүргізуге қатысуын қамтамасыз етуі маңызды екеніне тоқталды.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар