Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шомылу маусымы аяқталды

Шомылу маусымы аяқталды
Ашық Дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Жалғас Абдуалиевтің қатысуымен брифинг өтті. Спикер 2024 жылғы шомылу маусымының қорытындысы туралы баяндады.

Баяндамашының айтуынша, жыл басынан бері 6 адам суға батып, шомылу маусымы кезеңінде 2 жазатайым оқиға тіркеліпті.

Статистика көрсеткендей, суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан екен. Атап айтсақ, өзен немесе каналдардың кез келген, зерттелмеген ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар жерлеріне суға түсуі, балалардың ересектердің бақылауынсыз суға түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда. Бұларға қоса суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де суайдындарда оқыс оқиғалар санының көбеюіне теріс ықпалын тигізіп отыр.

– Облыс әкімінің қаулысымен су объектілерінде шомылуға рұқсат берілген 13 орын бар. 13 учаскеде 7 коммуналдық және 6 жеке жағажай орналасқан.7 жағажайда суайдынның түбін тексеру және тазалау жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ 12 құтқарушы-жасақ оқытылды. 

Сонымен қатар жаппай демалуға арналған демалыс орындарының иелерімен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық негізінде әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Тараз қаласының, Талас, Сарысу және Шу аудандарының аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша патрульдеу үшін стационарлық және мобильді бекеттер қойылды. Департаменттің аппараты мен ауысымнан бос құтқару бөлімшелерінің қатысуымен күн сайын сағат түскі 13:00-ден кешкі 19:00-ге дейінгі уақыт аралығында шомылуға жабдықталмаған акваторияларда рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Биыл суайдындарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері үкіметтік және аумақтық деңгейде ведомствоаралық мемлекеттік комиссия мен облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысында қаралып, оның қорытындысымен суайдындарда адам өлімінің алдын алуға бағытталған шаралар кешені әзірленді. Суайдындарда адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында кең ауқымды алдын алу шаралары ұйымдастырылып, өткізілді. «Судағы қауіпсіздік» тақырыбы бойынша 38 баннер және 40 мың дана үгіт материалдары сатып алынды. Сондай-ақ 496 ескерту және тыйым салу белгілері, 38 көрнекі стенд орнатылды. 1 маусымнан бастап жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және волонтерлік ұйымдармен бірлескен 2 540 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 52 мың үгіт өнімі таратылды. Халықтың, оның ішінде балалардың назарын аударуға бағытталған акциялар мен флэшмобтар өткізіліп, 46 әлеуметтік бейнеролик шығарылды. Шомылу маусымы басталғаннан бері демалу орындарында бірлескен рейдтер өткізу кезінде 1 563 бұзушылық анықталды. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзған 723 адам, алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болған 768 адам жауапкершілікке тартылып, оларға 7 797 466 теңге айыппұл салынды. Суайдындардағы қауіпсіздік ережелерін бұзған 72 адам 970 996 теңге айыппұл арқалады, – дейді Жалғас Бекмұратұлы.
 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар