Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

№13 және №18 автобус бағыттары қайта жанданады

№13 және №18 автобус бағыттары қайта жанданады
Ашық Дереккөз
Тараз қаласында тұрғындар сұранысын ескере келе, автобустарды жаңалау бойынша ілкімді істер қолға алынуда. Мәселен, жуырда ғана облыс орталығында 32 автобус ел игілігіне берілді.

32 жаңа қоғамдық көліктің 20-сы жолаушыларды тасымалдау қызметіне жаңадан қосылған «RashLau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Серіктестікке алынған «Isuzu» маркалы автобустар 70 адамға шақталған және төмен еденді пандуспен, бақылау жүйесімен толығымен жабдықталған.

Жаңа автобустар бұған дейін тоқтап тұрған №13 және №18 бағыттарды қалпына келтірді. Қазіргі таңда аталған бағыттар бойынша тасымалдау құқығына ие конкурс нәтижелері толықтай аяқталып, жаңа маршруттар жолға шықты. Нақтырақ тоқталсақ, №13 маршрут «Жансая» ықшамауданынан бастап Шостакович, Рысбек батыр, Аппасов, «Ұлы дала» (15) ықшамауданы, «Бурыл» алқабы, Асқаров көшесі, Орталық базар, Мәмбет батыр көшесі арқылы «Ауыл береке» базарына қатынайды.

Ал №18 бағыт «Ұлы дала» ықшамауданынан бастап Сүлейменов көшесі, Төле би даңғылы, Сыпатай батыр көшесі, «Ауыл Береке» базары, «Жігер» алқабы, автобекет аумағындағы онкологиялық және бейімдеу орталықтары мен «Барысхан» алқабына жүреді. 

Автобустардың жүру жиілігі 14-15 минутты құрайды.

Тараз қаласы әкімдігінің 
медиа орталығы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар