«Тектінің тұяғы», «Естеліктер сыр шертеді», «Баспасөз беттерінен» деп аталатын үш бөлімнен тұратын туынды бір әулеттегі ұрпақтар сабақтастығының куәсі іспеттес. Еліне елеулі, халқына қалаулы болған Молдабек қария мен ұлы Шоқанның өнегелі өмірлері әдеби көркем тілмен суреттелген.
Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов құттықтау сөзбен ашып, ізгі тілегін арнады.
Кеш барысында кітапханашы Ақжарқын Жанжолова Шоқан Кенжебаевтың өмірі мен қызметіне тоқталса, Темірлан Әбілдаевтың «Тектінің тұяғы» атты кітабы туралы кітапханашы Луиза Рахымбаева мол мағлұмат берді. Сонымен қатар Ш.Кенжебаевтың қызы Ақмарал Шоқанқызының «Жан әкеме», немересі Маржан Шоқанованың «Шоқан атама» атты өлеңдері оқылды. Ал аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері «Ауылға сағыныш», «Сарысуым», «Сары бидай» әндерінен шашу шашты.
Басқосуда Сарысу ауданының Құрметті азаматы, Еңбек ардагері Алтын Досжанова, жазушы, шежіреші, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Пернебай Дүйсенбин, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Марқаш Мизамбаев, аудандық билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, өзге де қатысушылар сөз сөйлеп, Шоқан Молдабекұлы жайлы қызықты естеліктерімен, маңызды ақпараттарымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар кеш қонағы Шоқан Молдабекұлына арналған «Ел таныған әулет» атты суретті кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қызметкері Әсем Тұрсынбай библиографиялық шолу жасады.
Мұқағали БАЛТАБАЕВ
Ел дамуының негізі
Ұқсас жаңалықтар
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында білімнің жаңа нұры жарқ етті!
- авторAR-AY
- 11 желтоқсан, 2024