Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«eGov.кz» порталында 270 нысаны бойынша декларация тапсыруға болады

«eGov.кz» порталында 270 нысаны бойынша декларация тапсыруға болады
Ашық Дереккөз
Осы аптаның соңында Қазақстанда кірістер мен мүлік туралы электрондық декларацияларды тапсыру мерзімі аяқталады. Мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 н.) «eGov.kz» порталының көмегімен ұсына алады.

270-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны азаматтар активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларациясын (250.00-нысан) тапсырғаннан кейін ғана ұсына алады. 270.00 декларациясын 15 қыркүйекке (қоса алғанда) дейінгі мерзімде ұсыну қажет.

Декларацияда төлем көзінен салық салынатын кірістер, сондай-ақ шетелде мүліктің болуы (жылжымайтын мүлік, көлік, шетелдік компаниядағы үлестер, бағалы қағаздар, цифрлық активтер, инвестициялық алтын, туынды қаржы құралдары және тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері) көрсетілуі қажет.

Мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару туралы, сондай-ақ есепті салық кезеңі ішінде жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы ақпаратты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттеме қолданылатын тұлғалар көрсетеді.

Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны қабылдау қызметі «eGov.kz» порталында «Азаматтарға» – «Кеден және салықтар» – «Салық салу» бөлімінде қолжетімді.

«eGov.kz» порталында көрсетілетін қызметті алу үшін:

- Порталда авторизациядан өту және «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет;

- Декларацияны толтырып, тиісті мемлекеттік кірістер органын таңдау керек;

- Электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) немесе бірреттік СМС парольмен қол қою керек;

- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) мемлекеттік кіріс органының салық есептілігін электрондық түрде қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарламамен танысу қажет.

Сондай-ақ декларацияны «kgd.gov.kz» порталында және «eSalyq Аzamat» мобильді қосымшасында «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы ұсынуға болады.

Қызмет ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

«AR-AI»- ақпарат
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар