Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«INDIGO: электрондық балабақшаның» тиімділігі мол

«INDIGO: электрондық балабақшаның» тиімділігі мол
Ашық Дереккөз
Балабақшаға балаларды тіркеу және кезекке қою процесін жеңілдету мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес Тараз қаласындағы 153 мектепке дейінгі ұйым дербестендірілген (ваучерлік) қаржыландырумен пилоттық жобаға енгізілді. Бұл жоба Қазақстанның бірнеше облысында пилоттық режимде жұмыс істеуде. Жобаның басты мақсаты – ата-аналарға балабақшаға кезекке тұру, құжаттарды тапсыру және орындарды брондау процесін жеңілдету. Жүйе бойынша кез келген уақытта интернет арқылы өтініш беруге болады. Бұл ата-аналардың уақытын үнемдеуге және балабақшалардағы кезектердің әділ реттелуіне мүмкіндік береді. Платформа әрбір баланың

Жобаның басты мақсаты – ата-аналарға балабақшаға кезекке тұру, құжаттарды тапсыру және орындарды брондау процесін жеңілдету. Жүйе бойынша кез келген уақытта интернет арқылы өтініш беруге болады. Бұл ата-аналардың уақытын үнемдеуге және балабақшалардағы кезектердің әділ реттелуіне мүмкіндік береді.Платформа әрбір баланың жасын, денсаулық жағдайын және ата-аналардың қалауы бойынша арнайы бағдарламаға сәйкес балабақшаларға бағыттау мүмкіндігін ұсынады.

Бұдан бөлек ата-аналар балабақшалардың орналасуы, тәрбие бағдарламалары және топтардың толу деңгейі жайлы ақпаратты тікелей көру мүмкіндігіне ие болады.Пилоттық жоба бірнеше облыста басталып, оң нәтиже көрсетуде. Әсіресе ата-аналар тарапынан оң пікірлер көптеп айтылуда. 

– 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап пилоттық жобаға сәйкес «INDIGO: электрондық балабақша» платформасы арқылы Тараз қаласының тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетіліп, ваучер беріле бастады.Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарға орналасу үшін 3 123 жолдама берілді.Аталған бағыттағы жүйе кезекте тұрған балалардың мектепке дейінгі ұйымдарға қолжетімділігін, жан басына шаққандағы қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз етіп, нақты бала санын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов. 

Айта кетейік, облыстағы 587 мектепке дейінгі ұйымда 60 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балалардың 46,5 пайызын жекеменшік ұйымдар қамтып отыр. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 2-6 жас аралығындағы балалардың 94,2 пайызы қамтылған.

Бүгінгі күні өңірде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыруға басымдық беріліп, бірқатар жұмыс атқарылуда.Өңірдегі мектепке дейінгі ұйымдарға қамтылған балалар мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы қаржыландыру құны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №597 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар