Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президент Паралимпиада жеңімпазы Ербол Хамитовты қабылдады

Президент Паралимпиада жеңімпазы Ербол Хамитовты қабылдады
Ақорда
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттады, деп хабарлайды arainfo.kz

Салтанатты рәсім барысында Президент Италияда өткен дүбірлі дода еліміз үшін аса табысты болғанын атап өтті. Айтуынша, отандасымыз Ербол Хамитов жарыста алтын және қола медаль жеңіп алып, Қазақстанның мерейін асқақтатты.

Мемлекет басшысы чемпионның бұл жетістігін қазақ параспорты тарихындағы маңызды оқиға ретінде бағалады.

– Нағыз чемпион атанып, еліміздің мерейін үстем еттің. Көк Туымызды биікте желбіреттің. Бұл – қазақ параспорты үшін тарихи жетістік. Сен қазақ халқының қайсар, өр рухты екенін әлемге дәлелдедің, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сондай-ақ спортшыға артылған сенімді толық ақтағанын атап өтіп, бұл жеңістің қажырлы еңбек пен ұзақ жылдық дайындықтың нәтижесі екенін айтты.

Айта кетейік, ХІV Қысқы Паралимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте 18-орынға тұрақтады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар