Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өзгерістер – өркениет өзегі

Өзгерістер – өркениет өзегі
Ашық Дереккөз
Технологиялық жетістіктер қатарында 20 қалада 918 базалық стансасы бар 5G желісін іске қосу, сондай-ақ 4,8 мың ауылдың кеңжолақты интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету бар. Жаңа нормативті талаптардың енгізілуі сапасыз қызметтердің санын азайту арқылы байланыс қызметтерінің сапасын арттырды, ал антифрод жүйесін енгізу алаяқтардан түсетін қоңыраулар санын азайтты.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қызметінің бірінші жартыжылдықтағы нәтижесі туралы толығырақ төмендегі  шолудан біле аласыздар.

БАЙЛАНЫС 
ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ

Қазақстанда оптикалық-талшықты байланыс желілерді (ОТБЖ) кеңейтуден бастап жаңа технологиялар мен заңнамалық өзгерістерді енгізуге дейінгі байланыс инфрақұрылымын жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Оптикалық-талшықты байланыс желілері  бойынша жобаны іске асыру 1,2 мыңнан астам ауылдық елді мекенді қосуға және 3,7 мың мемлекеттік орган мен бюджеттік мекеме үшін кеңжолақты интернет-қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жаңа желілердің жалпы ұзындығы 20 мың шақырымнан асты, бұл коммуникация инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартты.Технологиялық жетістіктер қатарында 20 қалада 918 базалық стансасы бар 5G желісін іске қосу, сондай-ақ 4,8 мың ауылдың кеңжолақты интернетке қол жеткізуін қамтамасыз ету бар. Жаңа нормативті талаптардың енгізілуі сапасыз қызметтердің санын азайту арқылы байланыс қызметтерінің сапасын арттырды, ал антифрод жүйесін енгізу алаяқтардан түсетін қоңыраулар санын азайтты. 

ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТУ

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі  «Электронды үкіметті» дамытуды жалғастыруда. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік қызметтің 93,3 пайызы электронды түрде ұсынылады, оның 86 пайызына смартфон арқылы қол жеткізілген. «eGOV Mobile» мобильді қосымшасы мен 56 қызметке қол жеткізілген сыртқы платформалар арқылы бірінші жартыжылдықта 35 миллион қызмет көрсетілді. Бұл цифрландырудың жоғары деңгейін және қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің көпшілігін үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік сервистердің халық үшін қолжетімді болғанын көрсетеді.

Қазіргі уақытта келесі қызметтер қолжетімді: 

 - Автокөлік бойынша онлайн мәмілелер;
- Цифрлы ипотека;
- Цифрлы нотариат;
- Жылжымайтын мүлікті онлайн сатып алу;
- Соттан тыс банкроттық;
- Автокөлікті заңдастыру;
- «Несиені тоқтату» сервисі – қарыз алудан ерікті түрде бас тарту;
- Құмар ойындарға қатысуды және бәс тігуді шектеуге арналған сервис;
- еGov Mobile-дағы еңбек шарттары;

- Білім берудің ресми құжаттарына апостиль қою;
- ТЖ шығындарын өтеу;
- Борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын тексеру қызметі және басқалар.

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУ ТӘСІЛДЕРІ ДЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ: 

- «eGov Business» мобильді қосымшасы;
- «Заңды тұлғаның цифрлы сенімхаты» сервисі; 
- Лицензиялардың 100 пайызы онлайн форматта қолжетімді;
- Лицензиялардың 12 түрі «автоматты түрде қол қою» режиміне ауыстырылды.
«е-Otinish» Бірыңғай платформасы аясында азаматтардан 6,8 миллион өтініш қабылданды. Талдау қорытындысымен  қазір Мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 29 «жасырын» қызмет анықталды. Өтініш берушілердің бағалауы бойынша жауап сапасына қанағаттану 17,5 пайызға өсті.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМДЕР

Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының Бірыңғай платформасын енгізу жалғасуда, бұл мемлекеттік ұйымдар үшін 4 055 сайт жасауға мүмкіндік берді. Мемлекеттік органдарды цифрландыру шеңберінде бағдарламалық өнімдерді әзірлеуді және енгізуді жеңілдететін іс-шаралар өткізілді, бұл азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартады. Мысалы, су тасқынынан зардап шеккен халықты қолдау үшін «qoldau.gov.kz» бірыңғай порталы іске қосылды.Заңнамалық деңгейде цифрлы трансформацияға ықпал ететін нормалар бекітілді. Мемлекеттік органдардың жұмысын автоматтандыру және «QazTech» платформасы арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін бағдарламаларды әзірлеп, енгізу рәсімдері жеңілдетіледі.

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ  БОЙЫНША СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАР

Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту жөніндегі шаралар күшейтілді, бұл саланың еліміздің болашақ экономикалық және әлеуметтік прогресі үшін стратегиялық маңызын атап көрсетеді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылымында Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды, оның қызметі жасанды интеллекттің  толыққанды экожүйесін қалыптастыруға, технологияларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге және адам капиталын дамытуға бағытталған.Үкімет Жасанды интеллектті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдады.Ол деректер мен есептеу қуаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұлттық жасанды интеллект платформасын құрып, инновациялар үшін қолайлы климат орнатуды көздейді.Адам капиталын дамыту Нұр Әлем ЭКСПО базасында ашылған Alem.AI орталығында қолдау табуда, ол мамандарды оқытудың, ғылыми бастамаларды ынталандырудың және ЖИ-стартаптарды дамытудың негізгі орталығына айналады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
IT НАРЫҚТАРҒА ШЫҒУ

Дүниежүзілік банкпен және «Alchemist» және «SilkRoad Innovation Hub» сияқты жетекші халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде қазақстандық стартаптарға қолдау көрсетіледі, ел экономикасына түрлі озық инновациялық шешімдер енгізілуде. Медицинада, білім беруде, туризмде және тау-кен металлургия өнеркәсібінде жасанды интеллектті дамытуға ерекше назар аударылады.Қазақстандық стартаптар ірі америкалық және азиялық компаниялардың қызығушылығын тудыруда. Оңтүстік-Шығыс Азия мен Эр-Риядтағы өкілдіктерде 20-дан астам стартапқа халықаралық нарықтарға шығу үшін қолдау көрсетіледі.«Astana Hub Google Accelerator»-дың серіктесі бола отырып, өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Бұл ынтымақтастық өңірдегі стартаптарды акселерациялау үшін жаңа көкжиектер ашады және қазақстандық IT-нарықтың халықаралық инновациялық экожүйелермен ықпалдасуын күшейтеді.

АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ

Биылғы 30 мамырда «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру туралы» Үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Аталған құжат ресейлік тараптың кешендегі жұмысы жөніндегі міндеттемелерін арттырады, бұл оның өтелуіне және тұрақты дамуына ықпал етеді.Сонымен қатар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде ҚХР-мен бірқатар халықаралық келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер IT саласындағы ынтымақтастықты нығайтады және Қазақстан мен Қытай арасында неғұрлым берік техникалық-экономикалық байланыстар жасайды.

ГЕОДЕЗИЯ 
ЖӘНЕ КАРТОГРАФИЯ

Қалалар мен аудан орталықтарын қосқанда, 915 елді мекенге арналған цифрлы топография жоспары жасалды. Бұл инфрақұрылымды жақсартуда және география деректерінің дәлдігін арттыруда маңызды қадам.Соңғы алты айда Қазақстан аумағын 1:25 000 масштабтағы цифрлы топография карталарымен қамту 85,6 пайызға дейін ұлғайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға артық. Жыл соңына қарай еліміздің цифрлы инфрақұрылымын белсенді дамытуды жалғастыра отырып, бұл көрсеткішті 92,52 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

ҚР Үкіметінің 
баспасөз қызметі

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар