Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Биология ғылымының болашағы жарқын

Биология ғылымының болашағы жарқын
Ашық дереккөз
Қазақстанда биология ғылымының даму тарихы Ұлы Отан соғысы кезінен бастау алады. Сол кездегі экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан, бірқатар ғылым саласын, соның ішінде биологиялық бағытты қарқынды дамыту туралы республика басшылары нақты шешімдер қабылдады. Бұл экономиканы дамытудағы негізгі қажеттілік, сондай-ақ халықты өнеркәсіптік тауарлармен, дәрі-дәрмек, азық-түлікпен қамтамасыз етуге тікелей байланысты еді.

Елімізде биология ғылымының негізгі салалары – ботаника, зоология, микробиология, вирусология, физиологияның қарқынды дамып жатқандығын, сондай-ақ жаңа заманауи бағыттары – молекулярлық биология, генетика, биотехнология сияқты салалардың өз дәрежесінде орын ала бастағанын атап өту қажет. Сонымен қатар өткен ғасырдың 70-90-жылдары арасында биотехнология саласы қарқынды дами бастады. Ал 90-жылдардың басында Қазақстанның биология ғылымы айтарлықтай жетістіктерге ие болды. Атап айтқанда, ғылыми-зерттеу институттары қажетті құрал-жабдықтармен, заманауи өндірістік базалармен жабдықталып, ғылыми инфрақұрылымы дамыған және жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз етілген ғылым саласы болып қалыптасты.Биология ғылымының тұралап қалмай, одан әрі дамуы үшін еліміздегі жоғары оқу орындары үлкен жұмыстар атқаруда. Осы орайда өзім білім алатын М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің биология-химия ғылымының серпінді дамуына қосып жатқан қомақты үлесін, маман даярлаудағы жаңашылдықтарымен бөліскім келеді. 

Оқу орнында биологиялық зерттеулер мен лабораториялық жұмыстар, студенттерге түсінікті методика да қарастырылған. Жалпы биология ғылымының ішкі құрылымына қызығушылық білдірген әрбір талапкерге процестік өсу, сонымен қатар техникалық білім жоғары деңгейде беріледі. Отандық критерийлерге сай білікті мамандар жұмыс істейді. Оқытушыларымыз биология ғылымында жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс істей білуіміз үшін аянып қалмай, бойымызға білім нәрін сіңдіруде.Жалпы биология қызықты әрі әлем үшін ең пайдалы ғылым деп білемін. Себебі айшықты жаңалықтар мен қоғамның дамуына негіз болатын табыстар биология ғылымының арқасында жүзеге асады. Сондықтан әлемнің дамыған елдерімен тереземіз тең болуы үшін биология ғылымына көп көңіл бөлген дұрыс. 

Еркеназ МАХМЕТЖАН,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік

университеті
«Биология пәнінің мұғалімдерін

даярлау» мамандығының 
2-курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар