Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Оқушылардың қауіпсіздігі қатаң бақылауда болады

Оқушылардың қауіпсіздігі қатаң бақылауда болады
Ашық дереккөз
Жаңа оқу жылының басталуына орай полиция қызметкерлері тарапынан қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналдық полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Әлішер Қалышев айтты.

Баяндамашының айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағындағы 507 мектеп пен 42 колледжге 561 полиция қызметкері бекітіліпті. Қала мен аудан орталықтарында орналасқан білім беру мекемелеріне 3 қызметкер бекітілсе, шалғай орналасқан ауылдардағы мектептерде топтар құрылып, әрбір топқа 3 немесе 4 мектептен жүктелген.1 қыркүйек күні полиция қызметкерлері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқарады. Сондай-ақ мектептерде қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу мақсатында облыс бойынша барлығы 970 полиция қызметкері және 247 қызметтік автокөлік жұмылдырылады.

– Қала мен аудандарға бекітілген қызметкерлер оқушылар тарапынан және оларға қатысты қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың жолын кесу бағытында жұмыс істейді. Қоғамдық тәртіптің ықтимал топтық бұзылуын болдырмау үшін жастардың қоғамдық орындарда және көшелерде шоғырлануына ерекше назар аударылды.Сонымен қатар, әрбір оқу орнына жауапты тұлғалар, ювеналды полиция мен учаскелік полиция инспекторлары аумақ бойынша бекітілді.

«Алғашқы қоныраудың» салтанатты бөлігінен кейін ювеналды, патрульді полиция қызметкерлерімен, учаскелік полиция инспекторларымен «Жеке және жол қауіпсіздігін сақтау», «Назар аударыңыз – бағдаршам», «Танымайтын тұлғалармен кездесу кезінде оқушының мінез-құлық ережелері», «Кәмелетке толмағандардың және олардың ата-аналарының әкімшілік жауапкершілігі» және басқа да құқықтық тақырыпта сұхбаттар мен сабақтар ұйымдастырылады, – деген Әлішер Тілләбекұлы 2024 жылдың 7 айында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны 18,2 пайызға, ал кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар 3,3 пайызға төмендегенін мәлім етті. 

Айжан ӨЗБЕКОВА 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар