Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда қанша адам спортпен шұғылданады?

Қазақстанда қанша адам спортпен шұғылданады?
Ашық дереккөз
ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда 8 миллионнан астам адамның тұрақты түрде спортпен шұғылданатыны туралы мәлім етті. Бұл жалпы халықтың 40,4 пайызына тең.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтіледі. Бүгінгі таңда елімізде 4 олимпиадалық даярлық орталығы және 19 олимпиадалық резервті дайындау орталығы қызмет көрсетуде.Республикада жыл сайын әртүрлі деңгейде 25 мыңнан аса спорттық-бұқаралық іс-шара тұрақты түрде өткізіледі. Оған 1,2 миллион адам тартылады.Ауылдық жерлерде тұратын 500 мың адам да аталған іс-шаралардан сырт қалмайды.

Әсіресе кейінгі жылдары жүгіру, марафон, велошеру мен веломарафон, спорттық фестиваль секілді жарыстар мен отбасылық іс-шаралар халық арасында кең таныла бастады.2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан құрамасы 365 республикалық және шетелдердегі 419 халықаралық жарыстарға қатысты. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, спортшыларымыз әлем, Азия чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде 482 медаль жеңіп алды. Оның 179-ы – алтын, 146-сы – күміс және 157-сі – қола медаль.

AR-AI АҚПАРАТ


 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар