Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Головкин шаршы алаңға оралуы мүмкін

Головкин  шаршы алаңға оралуы мүмкін
Ашық дереккөз
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин 2025 жылы кәсіпқой рингке қайта оралуы мүмкін. boxingnews.com сайтының хабарлауынша, саударабиялық бокс спортының инвесторы Турки Аль аш-Шейх Геннадий Головкинге рингке оралуға ұсыныс жасаған.

Басылымның жазуынша, Головкинге рингке оралғаны үшін жақсы ақша уәде етілген. Сондай-ақ ол 2025 жылдың алғашқы жартысында төрт салмақта әлем чемпионы Теренс Кроуфордпен жұдырықтасуы керек.Жекпе-жек туралы ақпарат бокс жанкүйерлерін елең еткізді. Ықтимал айқас Теренс Кроуфордтың мексикалық боксшы Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек алдындағы дайындығы болмақ. Себебі америкалық боксшы Альвареспен 168 фунд салмағында бокстасады.

Ал Головкин оның орта салмақтағы (160 фунд) алғашқы қарсыласы және Альвареспен 3 рет қолғап түйістірген.Ал отандасымыз Геннадий Головкин «Los Angeles Times» басылымына берген сұхбатында ыңғайлы мүмкіндік туындап жатса, шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін екенін айтқан.Айта кетейік, Теренс Кроуфорд соңғы жекпе-жегін 3 тамыз күні өзбекстандық Исраил Мадримовқа қарсы өткізіп, супер жартылай орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.

AR-AI АҚПАРАТ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар