Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Коронавирус қайта өрши ме?

Коронавирус қайта өрши ме?
Ашық дереккөз
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны көбеюде. Ең көп жағдай Алматы және Астана қалаларында тіркелген. Ал облыста екі жағдай тіркеліпті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерік Мұсабаев айтты.

– Әдетте күз айларында суық тиюден асқынатын түрлі вирусты инфекциялар «бас көтереді». Тұмау – жұқпалы респираторлық ауру. Ол әдетте адамнан адамға күнделікті тұрмыстық қарым-қатынастан бөлек, ауа арқылы да таралып, жұғатыны белгілі. Ауру жедел түрде басталып, белгі береді. Алдымен бірнеше сағат ішінде дене қызуы 39-40ºС-қа дейін көтеріледі, бас айналу, әлсіздік, буындар мен бұлшықет ауырсынуы пайда болады. Кейде бірнеше күнге дейін белгі бермеуі де мүмкін. Әйткенмен бұл инфекциялар, әсіресе тұмау орталық жүйке жүйесін, жүрек-қантамырларын зақымдап, өкпенің қабынуына (пневмония) ұласып кетуімен өте қауіпті, оның соңы тіпті қайғылы жағдайларға да соқтыруы мүмкін. Сонымен бірге құлақтың инфекциясы немесе бактериялық пневмония сияқты асқынуларға әкелуі ғажап емес. Демікпе, қант диабеті, қатерлі ісік және басқа созылмалы аурулары бар науқастардың жағдайын нашарлатады. Сондықтан дәстүрлі түрде тұмауға қарсы екпені емханалардан салдырып алсаңыздар болады, – деді Ерік Тіллабекұлы.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап елімізде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі. Себебі 2024 жылдың басынан бері елімізде коронавирус індеті бойынша 1 290 жағдай тіркелген. Қайтыс болғандар жоқ.Сонымен қатар Ерік Тіллабекұлы баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндады. 

– Облысымыздағы бекітілген халық тіркеліміне сәйкес 1 174 946 адамға 392 денсаулық сақтау нысаны медициналық қызмет көрсетеді. 2024 жылы 3,9 миллиард теңгеге 26 нысанның құрылысы жүргізілуде. 

Облыс бойынша медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталу деңгейі 91,94 пайызды құрайды. Шалғай елді мекендерде орналасқан халықты қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында 10 жылжымалы медициналық кешен биыл барлығы 274 елді мекендегі 131 753 адамды медициналық тексерумен қамтуы керек болған.6 айдың қорытындысымен 50,8 пайызы қамтылып, 64 791 адам қаралды. Жалпы 23 625 диагностикалық зерттеу, 2 930 зертханалық тексеру, 71 592 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді. Тексеру барысында 2 475 науқас анықталып, 617-сі есепке алынды. Сонымен қатар жоспарға сәйкес скринингтік тексерулер жүргізілуде, – деді спикер.

Брифинг барысында әлемді алаңдатқан «Маймыл шешегі» де сөз болды.

– Қауіп-қатерді тұрақты қадағалап, көрші елдердегі эпидемиологиялық жағдайды бақылап отырмыз. Әсіресе Африка елдерінен, инфекция тіркелген басқа да мемлекеттерден келген азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Ауру таралған елдер тізімі үнемі жаңартылып жатыр. Ғалымдардың пікірінше, осы инфекциялық аурудың жұқпалылығы жоғары емес. Қазақстан аумағында таралу қаупі төмен. 

Бүгінгі таңда «Маймыл шешегіне» қатысты іс-қимыл алгоритмі әзірленген. Дәрі-дәрмектің қажетті қорын қалыптастыру үшін тиісті шаралар қабылданды. Медицина қызметкерлері диагностика мен емдеу әдістерін оқып жатыр. Бүгінде төтенше жағдай үшін ұлттық іс-қимыл жоспары мен бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы дайындалды. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында, – деді Ерік Мұсабаев.

Баяндамашының айтуынша, облыс бойынша дәрілік заттарды таңбалауға 63 медициналық ұйым қатысады екен. 100 пайыз «Damumed» медициналық ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Барлығы 2D сканермен қамтылған. 63 медициналық ұйым ИСМЕТ жүйесі мен ЦЭДМ платформасына тіркеуден өткен.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар