Жиынға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, орынбасарлары, басқарма, департамент басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, жастар және қала тұрғындары қатысты.Өз заманының ұлы саясаткері бола білген Дінмұхамед Ахметұлы билік басында болған уақыт күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Іс-шараға келген зиялы қауым өкілдері қазақтың біртуар тұлғасы, кемеңгер көсемі Дінмұхамед Ахметұлының өнегелі өмірі мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми әлеуетін дамытуға қосқан үлесі туралы естеліктерімен бөлісті.Билікте жүрсе де қарапайымдылығын, ұлтына деген жанашырлығын сақтай білген нар тұлғаның есімі ел есінде мәңгі сақталатындығы сөзсіз.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА