Облыс әкімдігі білім басқармасының мәліметінше, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыс мектептерінде өткен жылдан бері «тәуекел» тобындағы балаларды анықтап, олармен профилактикалық алдын алу жұмыстарын жүргізуге бағытталған «Бестерек» жобасы іске асырылуда.
– Жобаның бірінші кезеңінде 634 жауапты білім мекемесінің қызметкері біліктілікті арттыру курстарымен қамтылса, екінші кезеңде 15 қаңтардан бастап 638 педагог-психолог мен 445 мектеп директорына арналған оқыту курстары ұйымдастырылды. Биыл «Бестерек» жобасы бойынша жүргізілген диагностикалау нәтижесінде «жасыл» аймақтағы 52 162 оқушы, «сары» аймақтағы 511 оқушы және «қызыл» аймақтағы 20 оқушы анықталып, олармен түзету жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар «Бестерек» жобасы бойынша 12 мәселеге ұшыраған 55 784 оқушы анықталып, тіркеуге алынды, – дейді облыс әкімдігі білім басқармасының қосымша білім беру, тәрбие және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Мұхтар Амангелдіұлы.
Аталған жоба аясында құқықбұзушылыққа, агрессияға бейім 2 210 оқушы анықталған. Қазіргі таңда жастармен профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылуда.
Аяулым ЖАМАНҚАРА,
журналист