Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өрт қауіпсіздігі айлығы басталды

Өрт қауіпсіздігі айлығы басталды
Ашық дереккөз
Жыл сайын ауа райы салқындап, күздің салқыны сезіле бастағанда және жылыту маусымы басталардың алдында елімізде жеке тұрғын үй секторын аралау бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

2024 жылғы 15 тамызда еліміздің барлық өңірінде өрт қауіпсіздігі айлығы басталды. Айлықтың мақсаты – өрт санын азайту және түрлі төтенше жағдай кезінде адамдардың зардап шегуіне жол бермеу.Өрттің туындау және адамдардың қаза болу фактілерін болдырмау мақсатында азаматтық қорғау органдары халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қауіп-қатердің алдын алуға ерекше назар аударады. Сонымен қатар азаматтық қорғау қызметкерлері жылыту пештерін нормаларға сәйкес келтіру және бітелген түтін мұржасын тазарту бойынша мүмкіндігінше көмек көрсетеді.

Өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңі (15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін) бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарын өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыспен толық қамтуға бағытталған.Өткен жылы елімізде халықтың әлеуметтік осал топтарының 133 мыңнан астам тұрғын үйі есепке алынды.Айта кету керек, азаматтардың осы санаты үшін автономды улы газ датчиктерін орнату тәжірибесі оң нәтиже көрсетті. Мәселен, өткен жылыту кезеңінде көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, зейнеткерлер тұратын үйлерде улы газды анықтайтын 43 мыңнан астам датчик орнатылды. Датчиктердің іске қосылуының нәтижесінде 26 адам құтқарылды.Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ отты пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады.


AR-AI Ақпарат 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Елге танымал батырлар
Алдыңғы мақала
Елге танымал батырлар

Ұқсас жаңалықтар