Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Табиғат байлығын тонау – заңға қайшы

Табиғат байлығын тонау – заңға қайшы
Ашық дереккөз
Облыстық орманшаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, құқық қорғау органдарының, «Сапсан» мамандандырылған жедел тобының және «Охотзоопром» ӨБ» инспекторлары «Сұңқар» табиғатты қорғау акциясы аясында бірлескен рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген, құрып кету қаупі төніп тұрған ителгінің ұшып өтетін аумақтарында стационарлық жылжымалы бекет орналастырылып, бақылау жұмыстары күшейтілді. Тағы бір айта кетер жайт, «Сұңқар» табиғатты қорғау акциясы бойынша рейдтік іс-шаралар облыс аумағында 1 тамыз-31 қазан аралығында жүргізіледі.Заңбұзушылық орын алған жағдайда кінәлілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 337-бабы (жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолданып, сол сияқты авиа, автомотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау) бойынша жауапқа тартылады.

Сонымен қоса осы Кодекстің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтiн жерлерін жою) заңсыз аң-құс аулаған адам белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айырылады. Сондай-ақ үш мың айлық есептiк көрсеткiштен бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. 

Нұрғали НИЯЗҚҰЛОВ,
облыстық орманшаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық

инспекциясының бөлім басшысы
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар