Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда Педагогтердің республикалық тамыз саммиті – 2024 басталды

Қазақстанда Педагогтердің республикалық тамыз саммиті – 2024 басталды
Оқу-ағарту министрлігі
Бірінші рет дәстүрлі тамыз конференциясы халықаралық қонақтар – білім берудегі сарапшылардың қатысуымен Саммит форматында өтеді. Биылғы жылы ол «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, сабақ беру процесіне жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналады, деп хабарлайды arainfo.kz

Саммит аясында жасанды интеллектті қолдана отырып жасалған цифрлық өнімдердің білім беру көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен пленарлық және секциялық отырыстармен қатар шеберлік сабақтары өтеді.

Іс-шара соңында білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтер марапатталады. Оған 500 мыңнан астам педагог офлайн және онлайн режимдерде қатысатын болады. Саммит Оқу-ағарту министрлігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі: 

YouTube https://youtube.com/live/N4AUbxrDx0s?feature=share

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар