Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандық 300 талапкер Түркия грантын иеленді

Қазақстандық 300 талапкер Түркия грантын иеленді
Ашық дереккөз
2024-2025 оқу жылында 300 қазақстандық студент Түркия Республикасының Türkiye Bursları гранттық бағдарламасы аясында Түркияның мемлекеттік университеттерінде оқуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл бағдарлама – Түркияда жоғары білім алу үшін толық қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, шетелдік студенттерді қолдауға бағытталған негізгі бастамалардың бірі. Әлемнің түкпір-түкпірінен талантты талапкерлерге арналған Türkiye Bursları бағдарламасы 1991 жылдан бері жұмыс істейді.

Осы уақытқа дейін Қазақстаннан бұл грантты 9 мыңнан астам студент иеленген еді. Биылғы оқу жылына арналған грантқа ие болған қазақстандық студенттердің тізімі тамыз айында жарияланды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар