Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Белсенді жастар марапатталды

Белсенді жастар марапатталды
Ашық дереккөз
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Халықаралық жастар күнін жоғары деңгейде атап өту мақсатында «JASTARMEN BIRGE» атты ұлттық жастар онкүндігі басталып, аз ғана уақытта ауқымды жұмыстар атқарылды. Жуырда Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде «JastarFEST» фестивалі ұйымдастырылып, онкүндік қорытындысы бойынша марапаттау кеші өтті.

Әуелі облыс жастарының ұйымдастыруымен өткен іс-шаралар бойынша бейнеролик көрсетілді. Мұнан соң облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев сөз сөйлеп, жастарды мерекемен құттықтады.

– Өңір жастарының қарқынды жұмыстары көңіл қуантады. Өнер мен спорт, мемлекеттік қызмет, құрылыс, экономика, әлеуметтік салада, барлық бағыттарда жас буынның белсенділігі байқалады. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев сіздердің бастамаларыңызды ерекше қолдайды. Жастардың жарқын жобаларына қашанда жол ашық, – деген Лесбек Құралбайұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген жастарды облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапаттады.

Іс-шара барысында «Ақкербез» би ансамблінің қыздары «Шаттық» биін билесе, Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншісі Құрмаш Қуанышбаев «Жайдарлы Жамбылым» әнін әуелете шырқады. Жас ғалым Азат Жаманқұл өз замандастарын жаңаша ойлауға шақырып, жас ақын Медеу Мырзатай рухты өлеңдерін арнады.Іс-шара соңында Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның және Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар