Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Білім туралы құжатты қалай қалпына келтіреміз?

Білім туралы құжатты қалай қалпына келтіреміз?
Ашық дереккөз
Жоғары, орта, техникалық және орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды қалай қалпына келтіруге болатынын әрбір адамның біліп жүргені дұрыс.

Білім туралы құжатты (аттестат, диплом және тағы да басқа) жоғалтқан жағдайда, сіз оларды екі жолмен – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz. арқылы қалпына келтіре аласыз. Орындау мерзімі – 15 жұмыс күні.Айта кетсек, жыл басынан бастап облыста орта білімнің – 636, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің – 505, техникалық білімнің 347 телнұсқасы берілген.Білімі туралы құжаттардың телнұсқалары тегін беріледі.Бұл қызметке онлайн өтініш беру үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу тиіс.

Халыққа қызмет көрсету орталығына барар алдында оқу орнының дұрыс атауын алдын ала білу қажет. Егер оқу орны өз атауын өзгерткен болса, сіз жаңа атауын, мекенжайын және пошталық индексін білуіңіз керек.Егер аттестат немесе дипломды берген оқу орны бүгінде жоқ болса, сіз орта білім беру мекемесін бітіргеніңізді растайтын анықтама алу үшін тіркелген жеріңіздегі мұрағатқа хабарласуыңыз қажет.Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді. Содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.

Шалқар ЕЛЕМЕС, 
«Азаматтарға арналған үкімет» 
мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалы Тараз қалалық №1 бөлімінің басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар