Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері арасында «Оңтүстік» өңірлік іріктеу турнирі өз мәресіне жетті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері арасында «Оңтүстік» өңірлік іріктеу турнирі өз мәресіне жетті
Ашық дереккөз
Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 10 жылдығына орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының кубогы үшін «Оңтүстік» тобы қызметкерлері арасында іріктеу жарысы өтті

Іріктеу жарысы 2024 жылдың 10-11 тамыз аралығында спорттың 5 (кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, арқан тарту, шахмат) түрінен ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттау және сала мамандары арасында әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының департамент құрама командалары қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатына Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, агенттіктің оңтүстік өңірі бойынша аумақтық департаменттерінің басшылық құрамы сондай-ақ, спорт жұлдыздары мен қала тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Екі күнге созылған іріктеу жарысының нәтижесі бойынша үздік атанған командалар Астана қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама алды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар