Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалуда

Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалуда
Ашық дереккөз
Ел экономикасының дамуына кері әсерін тигізетін теміржолға қатысты мәселелер апта сайын түрлі алаңдарда талқыланып, оң шешімін табуда. Мәселелердің бірі көліктер бос тұрған кезде тауарды сақтағаны үшін 10 еселік төлемге байланысты. Қазіргі уақытта жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар үш түрлі алымдарды төлеуге мәжбүр.

«Қазақстан темір жолы – «Жүк тасымалы» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі вагондардың межелі стансада бос тұрып қалуының барлық жағдайларында 10 еселік алым алады. Бұл жүк тиелген және бос вагондарға да қатысты. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығының ережесіне сәйкес, бұл алым жүк стансаға келген сәттен бастап 48 сағат өткен соң алынады.Бизнеске түсетін салмақты азайту үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Көлік министрлігімен және «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамымен бірлесіп, ағымдағы жөндеуге вагондарды ажырату кезіндегі 10 еселік төлемді алып тастауды пысықтады.

Бұл бизнеске 700 миллион теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, төлем үшін жауапкершілік шегінің мерзімін белгілеу бастамасы қолдау тапты.Яғни енді 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін алым қолданылмайды. Айта кетейік, аталған мәселелер ҚР Үкіметі жанындағы отандық кәсіпкерлер кеңесі аясында да көтеріліп жатыр.Сонымен қатар, Ұлттық палата ҚР Көлік министрлігімен бірлесе отырып, тоқтап қалу мерзіміне байланысты алымдар мөлшерін саралау мақсатында ережелерге өзгерістер енгізу бойынша нақты жұмыстар атқарылып жатқанын хабарлады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы бизнеске қолайлы жағдай жасау және ел экономикасын нығайту үшін осы және басқа да мәселелерді шешу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Эльмира Байназарова

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар