ҰҚК ірi партиядағы есiрткi контрабандасы арнасының жолын кесу туралы мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап
ҰҚК Шекара қызметі есірткінің рекордтық партиясын Мемлекеттік шекара арқылы алып өтудің жолын кесті.
Сонымен, осы жылғы 31 мамырда Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі.
Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы 775 кг құрады.
Табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны 15 млн АҚШ доллардан артық болуы мүмкін.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- авторAR-AY
- 6 желтоқсан, 2024