Спорт
Қазақстан ҰОК Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне байланысты шағым түсірді
- author AR-AY
- 2 тамыз, 2024
- 205
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Париж Олимпиадасында 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі ҰОК-ге сілтеме жасап.
«Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар. Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін еместігін де түсінеміз. Алайда, біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз», - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева.
Келесі мақала