Полиция қызметкерлерінің айтуынша, соңғы кезде алаяқтық шабуылдың аталған түрі жиілеген. Онда шабуылдаушылар жәбірленушінің туыстары және достарының дауыстарын ұқсатып салып, ақша беруге мәжбүрлейді.Алаяқтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзып, хат-хабарлардағы қолжетімді дыбыстық үлгілерді пайдаланып аккаунт иесінің дауысын жасайды және барлық чаттарға ақша жіберуді сұрайтын қысқаша дыбыстық хабарлама жібереді.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, бұл – қауіпті. Өйткені алаяқтар жәбірленушіні анықтаудың бірнеше тәсілін пайдаланады. Яғни аккаунт, дауыс және банк картасын қолдану арқылы өз ойларын жүзеге асырады. Бұл жіберуші адамға көбірек сенім тудырады. Аталған жағдайда екі адам – дыбыстық хабарламаны алған және атынан жіберілген адам құрбан болады.Жыл басынан бері облыстық полиция департаментінің қызметкерлері шоттарды бұзып, жәбірленушінің туыстары мен достарынан ақша сұрап хабарлама жіберген алаяқтықтың 13 дерегін анықтады.
Алаяқтардың құрбаны болмас үшін полицейлер дыбыстық хабарламаларды тыңдағаннан кейін бірден өшіруді, барлық хат-хабарларды автоматты түрде жоюды, интернет желісіне дыбыспен бейне жібермеуді, жақын адамдарыңызбен осындай жағдайлардың алдын алу үшін құпия сөздер қоюды ұсынады.Егер сіз осындай дыбыстық немесе әдеттегі хабарламаларды туыстарыңыз бен жақындарыңыздан алсаңыз, полиция қызметкерлері алдымен басқа да байланыс құралдары арқылы хабарласуды ұсынады.Әлеуметтік желілердегі деректерді жасырып ұстаңыз, дауыс үлгілеріне және достар тізіміне бөгде адамдардың кіруін шектеңіз. Мұндай сақтық әрекеттеріңіз алаяқтардың қулығына түсіп қалу қаупінің алдын алуға көмектеседі.
Ақтоты Жаңабай
Париж Олимпиадасы: айымыз оңынан туа ма?
Ұқсас жаңалықтар
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында білімнің жаңа нұры жарқ етті!
- авторAR-AY
- 11 желтоқсан, 2024