Бүгінгі таңда облысымыздан сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер қатарына 140 азамат қосылған. Жобаға қатысуға өңіріміздің барлық елді мекендерінің белсенділері ниет білдіріп, еріктілер қатарынан табылған. Олардың арасында белсенді азаматтар, студенттер, қоғамдық ұйымдардың, зерттеу орталықтарының, заң саласының, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарының өкілдері бар.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаровтың айтуынша, жобаны жүзеге асыру қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру, Probono еріктілік (кәсіби көмек көрсету), корпоративтік еріктілік сынды бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылуда.
– Жоба барысында волонтерлар мемлекеттік сатып алу порталына зерделеу жүргізу барысында Тараз қалалық мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығы мен жеке кәсіпкер «А.Сатенов» арасындағы келісімшарттағы тауарлардың көрсетілген бағасы нарықтан тым жоғары екенін байқаған. Зерделеу барысында аталған тауарлардың (өндірістік құралдар және тұрмыстық жабдықтар) нақты сомасын анықтау кезінде тәуелсіз бағалаушыға жүгініп, 551,6 миллион теңгеге жасалған келісімшарттағы тауарлардың орташа құны 419,9 миллион теңгені құрайтыны анықталды.
Зерделеу нәтижесіне сәйкес Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімі аталған келісімшарттағы қаражат көлемін азайту және бюджетке 131,6 миллион теңгені қайтару бойынша талап-арызымен сотқа жүгініп, аталған іс сотта қаралды. Нәтижесінде талап-арызда көрсетілген 131,6 миллион теңгені бюджетке кері қайтару бойынша соттың қаулысы шығып, күшіне енді.Сонымен бірге, Сарысу ауданындағы «Ақкөл-Үшарал-Тоғызкент» автомобиль жолына еріктілердің қатысуымен қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді. Оған себеп – мердігер мекеме тарапынан жүргізілген жұмыстардың сапасына қатысты «Instagram» әлеуметтік желісінде жарияланған сыни ақпарат.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер жолдың негізгі қабаты бүлінгенін анықтаған. Яғни, жолдың негізгі асфальт қабаты бүлініп, тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіруде.Еріктілер тарапынан облыстық әкімдікке енгізілген ұсыныс нәтижесінде аталған кемшіліктер мердігер мекеме тарапынан жойылып, жолдың бұзылған жерлері қайта салынып, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ еріктілер мемлекеттік сатып алу порталына жүргізген зерделеу барысында Қордай ауданы әкімдігі білім бөлімі тарапынан оқу кабинетін жабдықтау бойынша жарияланған конкурстың бағасы жоғары екенін анықтады.Зерделеу барысында білім беру мекемелеріндегі ұлдарға және қыздарға арналған физика, биология, химия сияқты оқу кабинеттерін материалдық-техникалық жабдықтауға бюджеттен 367 миллион теңге бөлінген, ал орташа баға 340-345 миллион теңгені құрайды.Зерделеу қорытындысы бойынша аталған мекемеге тиісті хат жолданып, конкурстың бағасы қайта қаралып, 341 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде 26 миллион теңге бюджет қаржысы үнемделді, – дейді Д.Омаров.
Осы секілді атқарылған жұмыстар көп. Жуырда аталмыш жоба аясында еріктілерге қоғамдық бақылау жүргізудің негізгі тетіктерін түсіндіру мақсатында семинар ұйымдастырылды.Семинарға спикер ретінде «Жамбыл облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы Исламбек Дастан, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Әсел Жапарова, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыс бойынша филиалының жетекшісі Назима Жұбандықова және «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ерғали Әбуғали қатысып, жастармен өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында еріктілер тарапынан қойылған сұрақтарға спикерлер тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Айжан Өзбекова
Байзақтың жазығы - егіс, құмы - өріс
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024