Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Биыл 25 балалар ойын алаңшасы пайдалануға беріледі

Биыл 25 балалар ойын алаңшасы пайдалануға беріледі
Ашық дереккөз
Аулаларды абаттандыру – айрықша маңызға ие. Бұл бір жағынан шаһардың шырайын кіргізсе, екіншіден балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне таптырмас мүмкіндік. Сондай-ақ мемлекеттің ұстанған басты саясатының бірі – дені сау ұрпақ қалыптастыру да осындай ойын алаңшаларынан бастау алатыны белгілі. Бүгінде бұл бағытта шаһарда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Айталық, қазіргі таңда балалар ойын алаңшасын салуға қалалық қазынадан тиісті қаражат бөлініп, «Аса» ықшамауданы, №36, Лесхозный көшесі, Жилкооперация, 1А, Талас, №27, Жауғаш батыр, №8, 9, Төле би, №9б, «Жансая» ықшамауданы, №23, Сүлейменов, №8, «Ақбұлақ» ықшамауданы, №1 (7 үй), Сағындықов, №38, Сәтпаев, №1, Сатыбалдиев, №40, 42, «Мыңбұлақ» ықшамауданы, №46, Сыпатай батыр, №2 А, 2 Б, «Телеорталық» аумағы, №2, Қазыбек би, №142 секілді жалпы саны 16 мекенжайда абаттандыру жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуші – «Проект и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Оның ішінде 7 нысанда (Қазыбек би, №142, Сатыбалдиев, №40, 42, «Мыңбұлақ» ықшамауданы, №46, Телеорталық, №2, «Жансая» ықшамауданы, №23, Сәтпаев, №1, Сүлейменов, №8) тиісті жұмыстар толығымен аяқталуға жақын.Жалпы абаттандыру жұмыстары барлық мекенжайда қыркүйек айына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.Осы орайда айта кетерлігі, былтыр шаһардағы 26 аула жаңа кейіпке енсе, биыл 25 аула ел игілігіне берілмек.

Тараз қаласы әкімдігінің 
медиа орталығы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар