Рахымжан Мырзаханұлының айтуынша, өткен 6 айда департаментпен 38 аудиторлық іс-шара жүргізілген. 5 іс-шара тізбеге сәйкес, сондай-ақ жоспардан тыс 33 іс-шара орындалған. Нәтижесінде жалпы сомасы 64 118,4 миллион теңгенің бұзушылықтары анықталған.Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 27 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 15 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6,1 миллион теңге бюджетке толығымен өтеліпті.Құқық қорғау органдарына сомасы 1 440,5 милллион теңгені құрайтын 4 материал беріліп, 1 материал бойынша қылмыстық іс қозғалған.
– Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералық бақылауды жүзеге асырады. Мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және болдырмау, мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту және камералдық аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше дербес жою мақсатында құқықтар беру.
Осы орайда 2024 жылдың 30 маусымына 18 155 (лот) мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізіліп, ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы 4 778 хабарлама жіберіліп, 4 651-і орындалды.Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаларды уақытылы және тиісінше орындамағаны үшін ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 31 хат пен 44 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жолданды.
Бұдан бөлек, есепті кезеңде мемлекеттік сатып алу бойынша 2 254 арыз- шағым келіп түскен. 1 308 шағым қанағаттандырылған және ішінара қанағаттандырылған, – деді баяндамашы.
Мұнан соң департамент басшысы мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілері тарапынан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жиі қайталанатын бұзушылықтарға тоқталды.
Айта кетейік, 2024 жылдың өткен кезеңінде департаментте барлығы 329 әкімшілік хаттама тіркеліп, 310 материал қаралып, әкімшілік айыппұлдар салынған. 19 материал сотқа берілген.
Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 36,2 миллион теңгені құрап, бюджетке толығымен өтелген.
Айжан ӨЗБЕКОВА