Жаңалықтар
А. Сарбасов Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді
- author AR-AY
- 23 шілде, 2024
- 180
2024 жылғы 24 шілдеде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барады, жұмыс сапары барысында еңбек ұжымдарымен және халықпен бірқатар кездесулер өткізеді, деп хабарлайды arainfo.kz
Кездесулер барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, еңбек құқықтарын қорғау және жұмысшыларды әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланатын болады.
Бірінші вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды мынадай байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР Еңбекмині ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы, «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).
Сондай-ақ, мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.
Азаматтарды қатысуға және сұрақтар қоюға шақырамыз.
Келесі мақала
Вегетация кезеңі қалай өтуде?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024