Жазушының 100 жылдығына орай жуырда облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тау самалы» балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерінде «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында квест ойыны өтті. Қазынаны іздеу арқылы жүзеге асатын ойында қатысушылар пазл, сканворд, портреттік нұсқаулық, түрлі логикалық тапсырмаларды орындады. Жалпы сайысқа түскен «Айдаһар», «Чемпион» және «Голливуд» командалары өздерінің білімі, шапшаңдығы, тапқырлығы жағынан бір-бірінен қалыспады.Дегенмен тартысқа толы болған бәсекеде «Айдаһар» командасы қарсыластарын қапы қалдырып, І орынды иеленді.
Ал ІІ орынды «Чемпион», ІІІ орынды «Голливуд» командасы еншіледі.Ойын соңында жеңімпаз командаларға кітапхана тарапынан әзірленген алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Ал лагерь директоры Ғалия Сертекова тағылымы мен тәлімі мол іс-шара туралы өз ойын айтып, қатысушыларға ақжарма тілегін арнады. Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры Жанна Тұрарқызы іс-шараға белсене қатысқан балаларға, лагерь директорына, тәрбиешілеріне алғыс айтып, толайым табыс тіледі.
Ақтоты Жаңабай
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы атанды
- авторAR-AY
- 30 қыркүйек, 2024
Енді колледждер өз базасында шығарған тауарлар мен қызметтерден табыс таба алады
- авторAR-AY
- 5 қыркүйек, 2024