Саясат
                                    
                                        
                                            
                                        
                                                                                    
                                    
                                
                                Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
- author AR-AY
 - 23 шілде, 2024
 - 249
 
                                        Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен мысырлықтарды осы елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
                                – Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен жан-жақты өзара ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өрісі кеңейгенін зор ризашылықпен атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы серіктестігіміз болашақта да өзінің жалғасын тауып, қарқынды дами беретініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мысыр халқына құт-береке тіледі.




